Трамп пен Байден пікірсайысы бір-бірін қаралаумен өтті

Трамп пен Байден пікірсайысы бір-бірін қаралаумен өтті. Nielsen зерттеу қызметінің дерегінше, АҚШ-та президенттікке үміткерлердің сөз жарысын 73 млн адам көрген. Онлайн режимінде өткен дебатты Американың 16 телеканалы тікелей эфирде көрсетті. Мамандардың айтуынша, аудитория 2016-шы президенттік пікірсайыспен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ол кезде Трамп пен демократтар атынан сайлауға түскен Хиллари Клинтонның пікірсайысын 83 млн адам тамашалапты. Сарапшылардың пікірінше, алғашқы жарыссөзден соң Байденді қолдаушылар көбейген.

Десе де, пікірсайысқа көпшілігінің көңілі толмады. Өйткені Трамп Байденннің сөзін бөліп, балағаттап агрессияға барған. Ол демократтардың үміткеріне психикалық тұрғыда шабуыл жасау тактикасын қолданды. Сарапшы Дэвид Баркердің айтуынша, Трамп пен Байден елдегі өзекті мәселелерді көтерудің орнына бір-бірін өтірікші деумен болған.