Бақташылар мен шопандар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер тізіміне енгізілмек.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деді. Оның айтуынша, мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған.
Көшпелі мал шаруашылығында еңбек ететін шопандарды зиянды еңбек жағдайындағы санатқа қосу мәселесі пысықталып жатыр.
