Бақытгүл Хаменова сотта соңғы сөзін айтты

“Сотталушы Рысқалиев пен Адамовтың кінәсі дәлелденді. Оларда қылмыстың жәй-жапсарын жасырмай айтып, кінәларын мойындады. Сондықтан менің бұл іске қатысым болмағаны анық. Мемлекеттік айыптаушы, оны көрмеген немесе өзінің қылмыстық кемшіліктерін мойындағысы келмеген. Менің айғақтарым бойынша сот Рысқалиев пен Адамовқа жеке қаулы шығаруы керек, және нәтижесінде осы қылмыстық істі ойдан шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Мені ақтауды сұраймын. Мен қылмыскер емеспін және кінәсіздігімді дәлелдеу үшін соңына дейін барамын”, – деді Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Хаменова. Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталған болатын.