Балқашта әріптесіне оқ атқан әскери қызметкер қамауға алынды

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілмейді