Қазақстандық әуе компаниялар еуропалық қара тізімге енбейді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 1 маусымда Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті еліміздің авиациялық билігі мен қазақстандық әуе тасымалдаушылардың Еуропаға ұшуына қатысты осындай ресми шешімін жариялады. Қазақстан бұған дейін «қара тізімге» кірген болатын. Атап айтқанда, 2009 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы тарапынан жүргізілген аудит нәтижесінде еліміздегі әуе тасымалы саласында ұйым талаптарының сақталу көрсеткіші төмен екендігі анықталған (47 пайыз).