«Бала құқықтары туралы» заңға буллинг түсінігі енгізіледі

Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл баланы жәбірлеу түсінігі. Сенат депутаттары қолданыстағы заңнамаға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұл шара кәмелетке толмағандар ортасында зорлық-зомбылықтың, кемсітудің, қысым көрсетудің алдын алуға көмектеседі. Заң тәртібі кибербуллинг деректеріне де қатысты қолданылады. Мемлекет балаға қатыгездікпен қарау және физикалық не психикалық күш көрсетуден қорғайды, – деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен. Заң жобасына жекелеген нақтылаулар енгізу үшін Мәжіліске қайта жіберілді.