Балалар демалысына 94 млрд теңге бөлінеді

Министр биыл жазғы демалыс лагерінің жұмысын ұйымдастыруға 94 миллиард теңге бөлінетінін айтты. Ғани Бейсембаев 2 миллионнан астам баланы сауықтыру мақсатында 218 саяжай іске қосылатынын жеткізді. Сонымен қатар, 10 мыңнан астам мектептің жанынан құрылған лагерьлер де өз жұмысын бастайтын болады. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдарға тапсырма жүктелді. Жауаптылар дайындықты бастап кетті.