Баласын сабаған әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Петропавлда үш жасар қызын ұрған әйелдің ісі қайта қаралды. “Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына біле тұра ауыр зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қыздың қайтыс болуына байланысты іс ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша қайта сараланды, онда 8-ден 12 жасқа дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген” деп хабарлайды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 22 жастағы ана қазір тергеу изоляторында отыр. Еске сала кетсек, үш жасар қыз 27 ақпанда қайтыс болған. Ол 17 қаңтарда ес-түссіз күйінде ауыруханаға түскен еді.