Бапкер 14 жастағы спортшы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

Алматы облысында таэквандо бапкері 14 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қылмыстық іс кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Сот процесі 4 сәуірде Қаскелең қаласында басталған. Келесі отырыс 18 мамырда өтеді. “Сот отырысы жабық өтіп жатыр. Күдікті сотқа келіп жүр, ешқайда кетпеу туралы қолхат берді. Қылмыстық іс 122-бап, яғни 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау ісі бойынша тергелді”, – дейді сот мамандары. Оқиға халық арасындағы резонанс туғызды. “Немолчи.кз” қоры тергеу шараларын жіті бақылап отырған. Сот процесін де қадағалап жатыр.