Елімізде қант экспортына шектеу енгізілді

Фото: ktk.kz

Қазақстанда 23 мамырдан бастап, қант экспортына тыйым салынды. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, мұндай шектеу жыл аяғына дейін енгізілмек. Экспортты тыю туралы ұсыныс наурызда айтыла бастаған. Өйткені елдегі тәтті өнімнің тапшылығына байланысты алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығы 15 000 жұмысшысын жоғалтатынын ескерткен. Енді экспортты шектеу туралы шешім Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлануы тиіс.