Бас қаржыгер министрлердің жалақысын жариялады

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, министрлердің айлығы еңбек өтілі мен біліктілігіне қарай төленеді. “Осы параметрлерді ескере отырып, ең төменгі жалақы 500-600 мың теңгеге тең. Ал ең жоғары айлық – 1,5-1,7 миллион теңге. Мысалы, мен айына 1,5 миллион теңге аламын”, – деді Жамаубаев. Журналистер премьер-министр Әлихан Смайыловтың жалақысын да сұрап көрді. Бірақ министр оны айтудан бас тартты. Жамаубаев президенттің айлығын да жарияламады.