Бас прокуратура қаржы мониторинг агенттігінің журналист Козачков жайлы хабарламасын тексереді

Бас прокуратура қаржы мониторинг агенттігінің журналист Михаил Козачков жайлы хабарламасын тексереді. “Бізде сот үкімі шықпайынша адам кінәсіз саналады. Ұстау болғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Қандай күдікке ілінгені қоғамға жеткізілді. Ал баспасөз хабарламасындағы өзге мәселелер тексеріліп жатыр” деді 22 желтоқсан күнгі брифинг кезінде бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев. Ведомство өкілі жекелеген фактілер бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады. 18 желтоқсанда қаржы мониторинг агенттігі журналист, Kozachkov offside телеграм-арнасының авторы Михаил Козачковтың ұсталғанын хабарлаған. Ол Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобына рейдерлік жасауға көмектесті деген күдікке ілінген.