Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады. Елорда әкімдігі соған орай үздік эскиз-идеясына байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge платформасына оң жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады. Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Әнші 53 жасқа қараған шағында 2015 жылы 28 сәуірде кенеттен жүрегі тоқтап, Мәскеуде қайтыс болды.