Батыс Қазақстанда кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 8 ақпандағы қаулысына сәйкес, кинотеатрлар, театр, мәдени нысандар келушілерге есіктерін қайта ашады. Ол үшін кинотеатрлар InfoKazakhstan.kz сайтында міндетті түрде тіркеліп, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді. Залдың толымдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс. Сол секілді театр, мәдени нысандарда жеке және топтық дайындықта бір мезгілде келушілер саны 30 адамнан, орындар саны 20 пайыздан аспауы керек. Ал қоғамдық тамақтандыру орындарының қызмет көрсету мерзімі ұзартылып, сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін ашық болады. Қоғамдық көліктер тоқтамай қатынай береді. Ал сауда үйлері және жабық базарлар тек жексенбі күндері ғана жұмыс істемейді.