Конгода эбола безгегі тіркелді

Жұқпалы кеселді Солтүстік Киву провинциясындағы бір әйел жұқтырып алып, қайтыс болды. Мамандар марқұмды зерттей келе, оның эболаға шалдыққанын анықтаған. Қазір дерт шыққан аудан оқшауланып, тиісті шаралар қабылданып жатыр. Айта кетейік, эбола вирусы жабайы аңдардан шығып, адамдарға тарайды. Оны жұқтырған кісінің қызуы көтеріліп, басы мен бұлшықеттері ауырады. Осыдан кейін бүйрегі мен бауырына қатты әсер етіп, науқас мерт болады. Ал Конго Демокартиялық республикасында қауіпті дерт соңғы рет былтыр маусым айында шығып, қарашаға дейін жалғасқан еді. Бірнеше айға созылған дерт 55 адамның өмірін қиды.