Зейнетақы жинағы жоқ азаматтар да өтініш жіберіп жатыр

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 8 мыңнан аса қазақстандықтың өтінішін мақұлдап, есепшоттан 49 миллиард теңге шешіп алуға рұқсат етті деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна мәліметінше, төрт күнде барлығы 10 292 адам өтініш түсірген екен. Алайда тек 8 мың адамның ғана өтініші орынды болып шыққан. Қалған 2 мың адам қорындағы қаржысы жетпей тұрса да ақша сұратыпты. Тіпті зейнетақы шоты жоқ азаматтар да жұрттан қалыспай өтініш жіберген. Мақұлданған 49 миллиард теңге бес күннің ішінде банктердегі азаматтардың арнайы есепшотына аударылады.