Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлады Olympic.kz. 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын. Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді. Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.