Нұр-Сұлтандағы сауда орындары «Ashyq» жобасына қосылады

Нұр-Сұлтанның жабық базарлары “Ashyq” жобасына қосылып жатыр. Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, осылайша адамдарды қорғауға және базарлардың қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Адамдарды “Ashyq” қосымшасы арқылы кіргізетін нысандардың арасында “Әсем”, “Әлем” сауда орталықтары, “Эталон” құрылыс базары бар. Сондай-ақ “Шапағат”, “Сарыарқа” және өзге де сауда орындары жобаға дайындалып жатыр. “Біз кешеден бері “Ashyq” бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жұртшылық арнайы орнатылған тәртіп бойынша кіреді. Кіреберісте жиналып тұрмайды”, — деді “Әсем” СО директоры Нұрлан Нұрмағанбетов.