Белгілі ресейлік әзілкеш қайтыс болды

Стендап-әзілкеш, актер Александр Шаляпин Мәскеуде 42 жасында қайтыс болды. Бұл туралы актердің директоры хабарлады. “Әйелі өлімін растады”, – деді актердің директоры. Өлімнің себебі хабарланбады. РИА Новости хабарлауынша, актердің денесі Хорошевский тасжолындағы үйден табылды. Өзіне қол салды деген алдын ала болжам жасалып отыр. Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде. Айта кетейік, Александр Шаляпин Stand Up Show қатысушысы ретінде танымал, сонымен қатар “Бумер-2”, “Глухарь-2”, “Женщины против мужчин” фильмдерінде ойнады. “Бессонница”, “Временно недоступен”, “Крапленый”, “Карпов” секілді сериалдарға түскен.