Covid: 1500-ге жуық науқас анықталды, 11 адам қайтыс болды

Қазақстанда 24 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 480 адам тіркелді. 16 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 25 қаңтар күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 11 адам өлімі тіркелген: 8 науқас – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 178 454 адамның ПТР тесті оң шыққан. 160 мыңнан астамы жазылған. 2 480 адам коронавирус қайтыс болған.