Бензинді ел аумағынан шығаруға тағы 6 айға тыйым салуы мүмкін

Бензинді автокөлікпен ел аумағынан шығаруға тағы алты ай мерзімге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін Қазақстан аумағынан автокөлікпен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды көздейтін бұйрықты тағы алты айға созу мәселесі пысықталуда”, – деді министр. Сондай-ақ, айтуынша, ішкі нарықты дизель отынымен тұрақты қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстарының мерзімін ауыстыру не қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр.