Досаев Ұлттық қорда қанша ақша бар екенін айтты

Фото: NUR.KZ

Биыл тамыз айының соңындағы жағдай бойынша Ұлттық қорда 56,9 миллиард доллар бар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Биыл тамызда Ұлттық қорға түскен түсімдер 420 миллиард теңге, оның ішінде шетел валютасында 506 миллион доллар немесе 215 миллиард теңге болды. Ұлттық қордың активтері осы жылдың тамыз айының соңында 56,9 миллиард долларды құрады”, – деді Досаев. Айтуынша, тамызда 396 миллиард теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлу үшін 845 миллиард доллар сатылды. Сондай-ақ ол өткен айда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасқанын және 316 миллион долларды құрағанын атап өтті.