Билл Гейтс адамзатқа екі қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

Оның бірі -катаклизм, екіншісі- биотерроризм. Мультимиллиардердің пікірінше, жыл сайын климаттың өзгеруінен қазіргі індеттен де көп адам қайтыс болады. Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс бұл туралы Veritasium YouTube-каналына берген сұқбатында айтты. “Әлдекімдер адамзатқа зиян келтіргісі келеді, вирус ойлап табуы мүмкін” деген болжамын да жасырмады. “Екі жылдан кейін жағдай өзгереді деген үміттемін. Вакцина, тест, препараттар, эпидемиология, мониторинг – індетті тоқтату үшін біраз дүние жасауға болады”, – деді мультимиллиардер. Гейтстің пікірінше, коронавирус жер сілкінісі, торнадо немесе климаттың өзгеруі сияқты күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Ал мұндай қауіп-қатерге жаһандық тұрғыда жауап беру қажет.