Бір күн бұрын құдалық өткізген

Түркістан облысында суға кеткен бір әулеттің адамдары құдалықтан шығып, өзен бойында демалуға тоқтаған. “Бір атаның 4 баласынан тараған. Үш ұл ауылда, бір ұл Алматыда тұрады. Бір күн бұрын ең үлкен ұлдың баласының құдалығын өткізген. Қазіргі күні 100 шақты адам 11 адамның бейітін қазып жатыр”, – деді Көксарай ауылының әкімі Әлімжан Қалмұратұлы. ▪️Қайғылы жағдай Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды. Шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала болса, алтауы – ересек. 9 адамның денесі табылды.