Биыл Алакөлге қатынайтын пойыздарда орындардың саны 16 мыңға артады

“Қазақстан темір жолы” компаниясының баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Былтыр Алакөлге теміржол көлігімен 254 мың жолаушы тасымалданған. Биыл жаз мезгілінде 270 мыңнан астам орын ұсынылады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут Алакөл бағытында жүреді.