Бишімбаевтың сотында сарапшы Нүкенованың қалай жарақат алғанын манекен арқылы көрсетті

Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров жәбірленушінің бас жарақаттарын алғанын, миына зақым келгенін айтты. «Есі бар адам мұндай жарақат алмайды. Мәселен, құлаған адамның өзі инстиктивті түрде басын қорғайды. Тегіс жерде адам бұлай құлап зақым алмайды», – деді сарапшы сөзін қорытындылап. Оның пікірінше, марқұмды соққыға жыққан және қылқындырған.