Министрлік ел аймақтарындағы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы айтты

Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Азаматтық қорғау қызметі 85 мыңнан астам адамды құтқарып, эвакуациялады. Оның 30 мыңға жуығы балалар,- деді Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш. Еліміздің тоғыз облысында – Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 29 жергілікті төтенше жағдай режимі сақталып отыр.