“Борат” фильмін жасаушылар ашқан ел үкіметінің аккаунты жалған

“Борат” фильмін жасаушылар ашқан ел үкіметінің аккаунты жалған. Қазақстан үкіметі осылай деп мәлімдеді. Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Instagram әлеуметтік желісіндегі және Twitter-дегі аккаунттары Қазақстан Үкіметінің қызметі туралы ресми ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ. Әлеуметтік желілерде фейк парақшалар пайда болған. Сол себепті ақпаратты тек www.primeminister.kz ресми сайтынан, және әлеуметтік желілердегі тексерілген аккаунттардан алу қажет. Қоса кетсек, БАҚ өкілдері пайда болған фейк аккаунтты Саша Барон Коэн сиквелі үшін жасалған маркетингтік әдіс екенін айтып отыр.