Елімізде халықаралық әуе рейстері қайта қалпына келтіріле бастады

Қазір әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр. 21 қыркүйектен бастап елімізде аптасына 114 рейсті орындау бойынша 16 елмен тұрақты халықаралық бағдар санын ұлғайтуға, жаңартуға және ашуға рұқсат етілді. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Рейстерді орындау елдердің тиісті уәкілетті органдары арқылы келісіледі. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.