Брюс Уиллис кинодан кетті

67 жастағы америкалық актер сөйлеу қабілетінің бұзылуына әкелетін афазия ауруына шалдығуына байланысты мансабын аяқтайды. Бұл туралы актер Румер Уиллистің қызы Instagram желісінде жазды. «Біздің сүйікті Брюс денсаулығына қатысты мәселелерге тап болды. Оған афазия диагнозы қойылды. Соған байланысты Брюс өзі үшін маңызды болған карьерасынан бас тартты», – деп жазды Румер Уиллис. Жұртшылыққа арналған үндеуге Брюстің әйелі Уиллис Эмми, оның бұрынғы зайыбы Деми Мур және оның балалары қол қойған. Афазия – мидың зақымдануынан туындауы мүмкін сөйлеудің бұзылуы. Афазия нәтижесінде сөйлеу, түсіну, оқу, жазу қабілеті жойылуы мүмкін. Брюс Уиллис «Крепкий орешек», «Криминальное чтиво», «Армагеддон», «Пятый элемент» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал болды.