Цой: Қазақстанда 26 мың балаға Pfizer вакцинасы салынды

Қазақстанда батыс компаниялары әзірлеген коронавирусқа қарсы “Комирнати” (Pfizer) вакцинасының бірінші дозасы 35 мың адамға салынды. 26,3 мыңы – бала, 8,6 мыңы – жүкті немесе бала емізіп жүрген әйел. Бұл жөнінде 23 қараша күні үкімет отырыс кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп хабарлады. Қазақстанда тіркелген алтыншы екпе – Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Алматыға 10 қарашада жеткізілген болатын. 12 қарашадан бері салына бастады. Алексей Цойдың айтуынша, қазір Қазақстанға Pfizer-дің 645 мың дозасы жеткізілген. Жалпы 4 млн дозаға тапсырыс берілген.