Цой: Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты және оптимистік сценарий бойынша келе жатыр

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты және оптимистік сценарий бойынша келе жатыр. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. “Жалпы алғанда Covid-19 ахуалы оптимистік сценарий бойынша келе жатыр” деді Алексей Цой. Оның айтуынша, кейінгі екі аптада ауру көрсеткіші 31 пайызға азайған. Стационар мен амбулаторлық жағдайда ем алғандар 1,7 пайызға сиреген. Қазір инфекциялық орындардың – 23 пайызы, реанимациялық орындардың 20 пайызы бос емес.