Атырауда жарты айда ереже бұзған 1000-ға жуық шетелдік жүргізуші ұсталды

Атырауда 15 күн ішінде шетелдік көлік тізгіндеген 1000-ға жуық жүргізуші жол ережесін бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24». Тәртіпке бағынбағандар жедел-профилактикалық іс-шара аясында анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері айыппұлдан жалтарып жүрген 77 шетелдік көліктің иесін тапты. Олардың 56-сы Ресейден, ал 19-ы Армениядан әкелінген. Қазір автокөліктер айып тұрағына қойылды.