Covid: Бір күнде 8,1 мың науқас анықталды, 155 адам қайтыс болды

Covid: Бір күнде 8,1 мың науқас анықталды, 155 адам қайтыс болды
5 тамызда Қазақстанда 7769 адамның анализінен коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің жұма күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Қазір Түркістан облысы коронавирустың тарауы бойынша “жасыл аймақта” тұр. Қалған облыстар мен қалалар “қызыл аймақта”. Елде коронавируспен байланысты адам өлімінің көрсеткіші жоғары. 4 тамызда 155 адам коронавирустан қайтыс болған. Осы аптада денсаулық сақтау саласының мамандары адам өлімінің көбеюіне коронавирустың дельта вариантының жылдам таралуы және вакциналаудың баяулығы себеп деп мәлімдеген.