Грецияда мыңдаған адам Афина маңында шыққан өрттен қашып, үйлерінен кетуге мәжбүр болды

Грецияда мыңдаған адам Афина маңында шыққан өрттен қашып, үйлерінен кетуге мәжбүр болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz DW-ге сілтеме жасап. Грек өртсөндірушілері мәліметінше, Афиндан солтүстікке қарай 20 шақырым жердегі Татой аймағының тұрғындары Греция астанасына қарай бет алған. финаның Солтүстік маңындағы Варибоби ауылы маңында 90-нан аса үй, 27 кәсіпорын толығымен немесе ішінара өртеніп, 80-нен аса көлік отқа оранғанын мәлімдеді. Грециядағы өрт салдарынан соңғы қырық жылда ең күшті ыстық тіркелген. Елдің көп ауданында ауа температурасы 44 градустан асады. Айта кетейік, Греция осы жазда орман өрттерінен зардап шеккен жалғыз ел емес. Италия, Түркия және Албания, сондай-ақ Солтүстік Македония да жоғары температурадан туындаған өртке оранды.