“Delta Bank”-тен ақша жымқырған Тілеубаев 10 жылға сотталды

аржылық мониторинг агенттігі осылай деп хабарлады. Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингіне енген Н.Тілеубаев 2012-2017 жылдар аралығында қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты алып шығарған. “Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 млн АҚШ доллары болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар”, – деді агенттік. Сонымен қатар, Латвияда орналасқан құны 27 млрд теңгеге тең “Вентспилс астық терминалының” 100% үлесін қамауға алу санкцияланды.