Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды деген хабарламаға пікір білдірді

Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырып, кейін қайтыс болғаны айтылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, Биыл 19 қаңтарда 43 жастағы ер адамның қан қысымы жоғарылап, қайтыс болған. Ол ешқандай вакцинация алмаған.  Байтанаев бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина Маңғыстау облысына әкелінбегенін атап өтті. Вакцинаның бірінші партиясын аймаққа жеткізу 28-29 қаңтарға жоспарланған екен.