Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Бұл туралы соттың Facebook желісіндегі парақшасында айтылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Талдықорған қаласының санитар дәрігерінің қаулысымен облыстық соттың ғимараты мен аумағында 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантин шаралары енгізіледі. Осылайша, соттың барлық жұмысы толығымен тоқтатылды, қызметкерлер қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Осы кезеңге қарауға белгіленген істер кейінге қалдырылды. Күні мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланады. Еске салайық, Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша “сары” аймақта орналасқан. Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 82 жаңа жағдайы тіркелді.