Депутат жұт жайлаған аймақтарда төтенше жағдай жариялауды ұсынды

Халық қалаусы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, теңіздер мен өзендердің тартылуы, жауын-шашынның нормадан аз түсуі көптеген аймақтың, соның ішінде Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығына қиындық туғызып отыр. Әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында ата-бабамыздан қалған асыл мұраның бірі – төрт түлік малды ұстап отырған шаруашылықтар мен тұрғындар аса ауыр жағдайда отыр. Еліміздегі су тапшылығы, қуаңшылық малдың шығынына әкелді”,- деді депутат премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында. Қалыптасқан жағдайларға байланысты жұт жайлаған аймақтарға тиісті бюджеттік көздерден және материалдық қорлардан нақты көмектер көрсетілуі тиіс. Зардап шегіп жатқан аудандарға көрші облыстардан тасымалданатын мал азығын жеткізу үшін жол шығындарын субсидиялап, тиісті әкімшілік-басқару шараларын іске асыру қажет деді депутат.