Коронавирусқа қарсы екпе бедеулікке әкеле ме?

Бұл сұраққа С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова жауап берді. коронавирусқа қарсы екпе төңірегінде тарап жатқан қауесеттерге жауап берді. «Жалпы коронавирус инфекциясы жұққан соң одан бедеулік пайда болатыны, бедеулік қаупінің жоғары екені толығымен дәлелденген. Бұл вакцинадан емес, коронавирусты жұқпадан. Ал вакцина адамның жыныс жүйесіне, бала сүйюдегі фиртильді қызметіне ешқандай әсері жоқ. Себебі вакцина қоздырғыштың моделі. Біз вакцина салу арқылы иммундық жүйемізді коронавирусқа қарсы ешқандай жұқпасыз, еш қауіпсіз түрде жұмыс істеуге үйретеміз. Ағза коронавируспен екінші рет кездескенде иммундық жүйе онымен белсенді түрде күресіп, жояды. Вакцина тек қана иммундық жүйемен жұмыс істейді, басқа әсері жоқ», – дейді Битанова. Оның айтуынша, екпе емес, керісінше коронавирус жұқпасы адамның жыныс безін зақымдайды.