Дикий Арманды қамау мерзімі ұзарды

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды. Бұл туралы Алматы қалалық соты баспасөз қызметі мәлімдеді. Олардың мәліметінше, үшінші маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты.