Миллиардтаған қаражат: QazaqGaz-дағы тексеріс қорытындысы шықты

QazaqGaz (бұрынғы ҚазТрансГаз) басқарма төрағасы Санжар Жаркешов ұлттық компанияда тексеріс кезінде анықталған заңбұзушылықтар туралы айтты. Оның сөзінше, QazaqGaz компаниясының қызметіне толық тексеріс жүргізілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. “Бүгінде 937 миллиард теңгеден аса сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде құқық қорғау органдары 123 миллиард теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады”, – деді Жаркешов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.