Дубай әуежайындағы шектеулерге байланысты Қазақстанға ұшатын кей рейстер тоқтатылды

Бүгін Air Astana КС 8970/8980 Алматы-Дубай-Алматы қосымша рейстері ұшпайды. Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билет құнын толық қайтару немесе қайта брондау қолжетімді. Сонымен қатар әуекомпания КС 205 Астана-Дубай рейсі Астана уақыты бойынша 19.00-ге дейін кешіктірілетінін айтты.