Шығыс Қазақстанның 8 ауданында су тасқыны қауіпі әлі сейілген жоқ

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бас маманы Дина Бексұлтанова осылай дейді. Облыста таулы аймақтардағы қар жамылғысының еруі басталды. Осыған байланысты өңірде су тасқынының екінші кезеңі келіп жетті. Қазіргі уақытта су тасқыны қаупі болуы мүмкін аудандар Риддер, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Қатонқарағай, Күршім, Шемонайха екені айтылды.