Джо Байден АҚШ-тағы дефолттың салдары туралы айтты.

Джо Байден АҚШ-тағы дефолттың салдары туралы айтты. “Егер біз қарызымызды дефолтқа ұшыратсақ, бүкіл әлемде қиындықтар туындайды”, – деді Ақ үй басшысы. Оның айтуынша, қазіргі дағдарысты республикашылар жасаған. Ол дефолт жағдайында ел экономикасы құлдырауға ұшырап, Вашингтонның халықаралық беделіне қатты нұқсан келетінін атап өтті. Сәрсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер Байденнің республикашылдармен бюджет туралы келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты. Ол мемлекеттік қарыздың шекті деңгейін көтеруге тікелей қатысты мәселелер алдағы келіссөздердің тақырыбы болмайтынын атап өтті. Байден мен Республикалық Палатадағы көпшілік көшбасшысы шығыстарды қысқарту туралы келіссөздерді жалғастыру үшін жұма күні кездеседі. Осы жылдың қаңтар айындағы АҚШ қарызы 31,38 триллион долларға жеткен.