СҚО-дағы алты ауыл карантинге жабылды

СҚО-дағы алты ауыл карантинге жабылды. Бұл шектеулер коронавирустың өршуіне жол бермеу үшін енгізілді деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Өңірдің мемлекеттік санитария дәрігері Арман Кушбасовтың айтуынша, Есіл ауданында төрт ауыл жабылды: Явленка, Ясновка, Николаевка, Петровка. Мағжан Жұмабаев атындағы ауданда орналасқан Таман ауылында және Булаевода карантин енгізілді.