Джордж Флойдтың өліміне кінәлі полиция қызметкері Дерек Шовинге бұдан да ауыр айып тағылды.

Прокуратура сондай-ақ тағы үш полиция қызметкеріне айып тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc сайтына сілтеме жасап. Жарияланған сот құжаттарына сәйкес, Шовинге екінші дәрежедегі кісі өлтіру әрекеті бойынша тағы жаңа айыптар тағылған.

Ұстау кезінде болған тағы үш полиция қызметкеріне адам өлтіруге көмектесу және оған арандату бойынша айып тағылды.