Көліктер бәріне жетеді – министр жеңілдетілген автонесие туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бұдан былай ірі көлемде жеңілдетілген автонесие беру науқаны болмайтынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Көліктер бәріне жетеді. Айтайын дегенім, мұндай ірі көлемді автонесие беру науқаны енді болмайды, өйткені мемлекет жеткілікті түрде (қаражат. – еск.) құйып қойды. Бұл ақша, халыққа револьверлік тәртіппен қайтадан берілуі тиіс”, – деді Өскенбаев. Оның айтуынша, 2023 жылы елімізде 130 мыңға дейін көлік шығарылуы мүмкін.