Ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

Ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Бұл медициналық нысандар жыл соңына дейін бой көтереді. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі.

Ол үшін 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деді мемлекет басшысы Жолдау барысында. Тоқаевтың айтуынша, Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. Олар елдегі беткеұстар мекемелерге айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді.