Жер шетелдіктерге сатылмайды

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Тоқаев жер мәселесін Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында шегелеп айтты. «Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет», – деді мемлекет басшысы.

Ол осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылданып, экономикалық ынталандыру тетіктерін әзірлеу керек екенін тілге тиек етті. «Технологиялық тұрғыдан ескірген суғару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отыр. Судың 40 пайызы далаға кетіп жататын кездер болады. Онсыз да су тапшылығы зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.